Құрама ойыншысы "Қайсарға" ауысты

1801

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа бапкермен келісе алмай, өзге клубқа ауысты.

Құрама ойыншысы "Қайсарға" ауысты

"Тобыл" футбол клубының футболшысы Максим Федин енді "Қайсарда" өнер көрсететін болады. Бұған дейін қызылордалық клуб 23 жасар жартылай қорғаушымен жасалған келісім-шарттың мерзімі биылғы жылдың соңына дейін ғана жасалғанын айтқан еді. Ал қостанайлық команда футболшының жалға берілгені жайлы хабарлады.

"Тобыл" сапында 73 кездесу өткізген Федин 11 гол соғып, 11 ассист жасады. Сондай-ақ Ұлттық құрамада 12 ойынға қатысып, 1 гол соққан.

Максим Павлодар футбол мектебінің түлегі. Осыған дейін "Бәйтерек", "Спартак" (Суботица), "Атырау" және "Оқжетпес" командаларында ойнаған. Енді "Қайсар" клубының намысын қорғайтын болады. 2019-жылы кызылордалық команда Қазақстан Кубогін жеңіп алған еді.

Өткен жолы сайтымызда "Екібастұз" футбол клубы жабылудың аз-ақ алдында тұр деп мәселе көтерген едік. Біршоғыр таланттарды шығарған "Екібастұз" футбол мектебінің түлегі Максим Федин өңірдегі футбол ахуалына байланысты сұхбат берген болатын. Айта кетуіміз керек, бұл талантты ойыншыға трансфер кезеңінде шет елдік клубтардан да ұсыныс түскен. Алайда ол "Тобыл" командасымен келісім-шартты ұзартты. Бірақ, командаға бас бапкер болып келген Григорий Бабаян бұл футболшыны негізгі құрамнан алып тастады. Енді Қостанайлық клуб басшылығы болашағы жарқын жас ойыншыдан айырылғысы келмей, қызылордалық "Қайсарға" жалға берді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу