Құрамамыз Азия чемпионатын жеңіспен бастады

130

Бейжіңде хоккейден Азия чемпионаты өтуде. 

Құрамамыз Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 20-23 қараша аралығында Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысуда. Сары құрлық бәсекесінде Қазақстан, Корея, Қытай және Жапония құрамалары сынға түсіп жатыр. 

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Кореяны тізе бүктірді. Иван Степаненко хет-трик жасап, тағы бір голды Роман Старченко соқты. 

Корея – Қазақстан 2:4 
0:1 – 10:10 – Степаненко
0:2 – 22:40 – Степаненко
1:2 – 32:47 – Ким Я
1:3 – 42:47 – Старченко
1:4 – 47:56 – Степаненко
2:4 – 58:02 – Кан М
Қақпашылар: Ли Е. – Калмыков.

Хоккейшілеріміз келесі кездесуін 22 қараша Қытай құрамасына қарсы өткізеді. Ал, 23 қараша құрамамыз Жапонияға қарсы айдынға шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу