Құрамамыз Финляндия және Солтүстік Ирландиямен кездеседі

972

Қазақстан құрамасының Финляндия және Солтүстік Ирландиямен өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімі белгілі болды.

Құрамамыз Финляндия және Солтүстік Ирландиямен кездеседі Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйек күні Магомед Адиев командасы Финляндияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та "Астана Арена" стадионында өтеді.

Осы орайда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндия (7 қыркүйек) және Солтүстік Ирландия (10 қыркүйек) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат"), Александр Заруцкий ("Астана");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – "Астана"), Еркін Тапалов ("Қызылжар"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Химки", Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – "Ордабасы"), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – "Ақтөбе"), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – "Астана"), Рамазан Оразов, Ислам Чесноков (екеуі де – "Тобыл");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Вячеслав Швырев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Мақтаарал"), Иван Свиридов ("Шахтёр");

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Астанада басталады. Алаңға шығатын ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу