Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

765

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) басталған әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері В тобының ойындарын өткізіп жатқан Ригада әлем чемпионатын Норвегияға қарсы кездесуден бастады. Бірінші кезеңде норвегиялықтар Микаэль Хаге (сегізінші минут) мен Оле Джулиан Холмның (оныншы минут) арқасында екі гол соқты. Бұған Қазақстан құрамасы 16-минутта Максим Мұхаметовтың голымен жауап қайтарды. Екінші кезең бастасымен 23-минутта Хейдж есепті тағы да норвегиялықтардың пайдасына ұлғайтқанымен, Валерий Орехов 36-минутта есеп айырмасын қысқартты – 3:2.

Буллит сериясында Роман Старченко Сондре Олденнің шайбасына жауап ретінде екі мүмкіндігін сәтті жүзеге асырды. Соның арқасында қазақстандықтар 4:3 есебімен жеңіске жетті. Командалар соңғы рет 2021 жылы кездескен екен. Ол уақытта норвегиялықтар 3:1 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстанды плей-оффқа жіберген жоқ.

14 мамырда Мәмбеталиев шәкірттері 1-кезеңде Словакияны жеңген Чехиямен кездеседі. Сондай-ақ В тобына ұлттық құрамамыз Швейцария, Канада, Словакия, Латвия және Словения командаларымен сынға түседі.

Қақпашы: Шутов (Бояркин)

Бекетаев – Самат Данияр, Старченко – Шестаков – Рымарев

Орехов - Полохов, Савицкий - Гренц - Михайлис

Гайтамиров - Королев, Рахманов - Өмірбеков - Әсетов

Бутенко, Мұратов – Мұхаметов – Қайыржан Мусоров,

Бас бапкер: Ғалым Мәмбеталиев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу