Құрамамыз көз қуантпады

1415

Қазақстан құрамасы жолдастық матчта тең түсті. Нәтиже жақсы болғанымен, ойын мәнері көңіл көншітпеді.

Құрамамыз көз қуантпады

Монтенегро құрамасымен болатын матч алдында Михал Билек тілшілерге сұқбат берді. Бас бапкер құраманың қазір қиын жағдайда екенін жасырмады. Бауыржан Исламхан "әл Айн" командасында жүріп допинг тестінен өте алмапты. Сондықтан құрама матчтарына қатыса алмады. Ал Бахтияр Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА сапында жүріп жарақат алып қалды. Олардың қатарына Сергей Малый, Темірлан Ерланов секілді тасқамал қорғаушылар қосылды. "Тобыл" ойыншылары негізгі ойыншыларымыз болатын. Сонымен бірге COVID 19 жұқтырып алған Владислав Васильевті де қосуға болады. Белоруссияның "Рух" командасында ойнайтын жартылай қорғаушы шабуыл шебіне жақсы шыға алатынын көрсетіп еді.

Осал құраммен барған Қазақстанға Черногория бас бапкері де қарайласқан сыңайлы. Себебі, Хаджибегович Стеван Йоветич, Стефан Савич, Дино Исламович секілді мықтыларын қосалқы құрамға қалдырды. Соның салдары болса керек, екі команда да терезесі тең ойын көрсетті. Тіпті, бірінші таймның бел ортасында Марат Быстровтың гол салатын тамаша мүмкіндігі болды. Алайда Монтенегро құрамасының қақпашысы Даниель Петкович сейв жасады.

Екінші таймда негізгі құрамның ойыншылары алаңға шығып, қос команда да жылдам ойнай бастады. Алайда, мүмкіндітер мүлт кетіп жатты. Қазақстан құрамасы енді 15-қараша күні Тирана қаласында Албания құрамасымен кездеседі. Бұл матч Ұлттар лигасының аясындағы матч. Бұл жарыстың соңғы матчын Михал Билек шәкірттері Алматыда Литва құрамасына қарсы ойнайды.  

Черногория – Қазақстан – 0:0

Сары қағаз: Тимур Досмагамбетов 18, Олжас Керимжанов 70, Исламбек Куат 80

Черногория: Даниел Петкович (В) – Саша Балич, Милош Милович (Марко Симич 22), Александр Софранац, Момчило Распопович – Лука Миркович (Бранислав Янкович 77), Милош Райчкович, Никола Вуйчинович (Стеван Йоветич 56), Владимир Йовович (Милутин Осмайич 56), Александр Больевич (Анделко Йованович 77) – Фатос Бечирай (К) (Дино Исламович 56);

Резерв: Милан Миятович (В), Милош Драгоевич (В) – Игор Вуячич, Ристо Радунович – Марко Вукчевич;

Бас бапкер: Фарук Хаджибегич.

Қазақстан: Дмитрий Непогодов (В) – Абзал Бейсебеков, Олжас Керімжанов, Юрий Логвиненко (Александр Марочкин 74) – Аслан Дарабаев (Юрий Перцух 61), Исламбек Қуат (К), Максим Федин, Тимур Досмағамбетов, Марат Быстров (Ян Вороговский 61) – Тоқтар Жаңғылышбай (Алексей Щеткин 61), Сергей Хижниченко (Айбол Әбікен 85);

Резерв: Стас Покатилов (В), Мұхаммеджан Сейсен (В) – Нұралы Әліп, Гафұржан Сүйімбаев – Асхат Тағыберген – Абат Айымбетов;

Бас бапкер: Михал Билек.

Судья: Димитар Мецкаровски (Солтүстік Македония)

11 қараша 2020 – 23:00. "Под Горицом" стадионы, Подгорица, Черногория.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу