Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияға жеңілді

479

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Астанада Солтүстік Македониямен шеберлік байқасты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияға жеңілді Фото: kff.kz

Кездесу барысында құрамалар алғашқы минуттан жылдам гол соғуды іздеді. Соған қарамастан олар діттеген мақсатына жете алмай жатты.

Дегенмен қазақстандық қорғаушылар тарапынан өрескел қателік байқалып жатты. Осындай сәттердің бірінде олар өз қақпасына гол жіберіп алды. Оны 33-минутта Александар Трайковски өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде қазақстандық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бас бапкер Әли Әлиев Дастан Сәтпаев, Алияр Мұхаммед, Александр Зуев біздің құрама сапына қосылды. Осыдан кейін олардың тарапынан гол соғатын қаншама мүмкіндік туындады. Алайда таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу