Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында кураштан әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақтағы белдесулер жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерлесіміз 1/4 финалда Оңтүстік Корея өкілі Жонгвон Парктан 3:0 есебімен айласын асырды. Жартылай финалдық белдесу Астана уақытымен 10:10-да өтеді.
Одан бөлек, 86 келідегі Альбина Бахиева ширек финалда Минйонг Кимнен (Оңтүстік Корея) өте алмады. Есеп: 0:10.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу