Құрбандық қашықтан шалынады

3536

Құрбан айт намазы оқылмайды. 

Құрбандық қашықтан шалынады

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді. 

"Алдымызда күллі мұсылман баласы асыға күткен ұлық мейрам Құрбан айт келе жатыр. Айт қарсаңында баршаңызға Алланың амандығы мен жақсылығын тілеймін. Алла қаласа, биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 - шілде мен 2 - тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр.  Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 - тамызға дейін ұзартылғандықтан және еліміздегі мешіттердің жабық болуына байланысты 31- шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды", – деді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы. 

Бас мүфти құрбан шалу ұлық ғибадат және жағдайы келген мұсылманға уәжіп екенін тілге тиек етіп, карантин кезінде осы ғибататты орындау мақсатында діни басқарма еліміздегі мұсылмандардың өтінішін ескере отырып, биыл алғаш рет Құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алғанын жеткізді. 

"Осы мақсатта qurban2020.kz сайты ашылып, 24 - шілдеден, яғни бүгіннен бастап, 24 сағат бойы жұмыс істейді. Тапсырыс 30-шілдеге дейін қабылданады. Кез келген азамат құрбан шалуға онлайн тапсырыс бере алады", – деді бас мүфти.

Қанат Махамбет 

Фото: akalam.kz


Telegram каналымызға жазылыңыз! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу