Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыс жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
76 келідегі Эльмира Сыздықова жартылай финалда Вэньцзи Лимен (Қытай) тартысты белдесу өткізіп, 9:8 есебімен басым түсті. Ол финалда жарыс қожайыны Юка Кагамимен алтын жүлдені сарапқа салады.
Ерлер арасында 125 келіде танылып үлгерген Едіге Қасымбек 1/2 финалда 3 дүркін әлем чемпионы, 2 мәрте Олимпиада жүлдегері Амир Хоссейн Заремен (Иран) лайықты күресіп, 3:3 есебімен тең түсті. Бірақ, соңғы нәтижелі әдісті жасағаны үшін қарсылас жеңімпаз ретінде танылды.
50 келідегі Зейнеп Баянова 1/2 финалда осы салмақтың басты фавориті, Токио Олимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Юи Сусакиға (Жапония) 0:4 есебімен жол берді. Финалдық кезең Астана уақытымен 14:00-де өтеді.