Құрылтай сайлауына Токиодағы отандасымыз би бейнесінде келді

423

Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып біздің отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді, ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы – Би бейнесінде келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылтай сайлауына Токиодағы отандасымыз би бейнесінде келді Фото: СІМ

Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды.

Ол Құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.

"Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс – қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу