Ол Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылуына байланысты пікір білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, IBF ұйымының ережелері өте қатаң саналады.
Ұйым жолдаған хатқа сай, спортшы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жекпе-жектерден шеттетілді. Десе де, ережелерінде "кез келген салмақ дәрежесіндегі кез келген чемпион өз белбеуін тоғыз ай бойы қорғауы керек" деп көрсетілген. Демек, Жәнібек Әлімханұлы оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек.
– Қазіргі жағдайға байланысты, 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдады. Федерация президенті ретінде мен бұл жағдай Жәнібектің командасына үлкен сабақ болды деп санаймын. Дегенмен, ол биыл үлкен рингке одан да күштірек болып оралады және жақын арада төрт әлем титулын да жеңіп алады. Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляциялық шағым түсіреді, – деп жазды Рахымжан Ерденбеков.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының IBF чемпиондық белбеуінен айырылғанын жазған едік.