Күзде кейбір ұшақтарда интернет пайда болуы мүмкін

280

Air Astana компаниясы қазан айында ұшақ борттарында интернетті іске қосуды жоспарлап отыр.  

Күзде кейбір ұшақтарда интернет пайда болуы мүмкін Фото: businesstraveller.com

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Дамир Сейсембеков Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Қазақстан ұшақтарында интернет қашан пайда болатынын сұрады.

Дамир Сейсембековтің сөзінше, бүгінде Air Astana компаниясы ұшақтарда Wi-Fi желісін іске қосуды жоспарлап отыр.

"Біздің тараптан заңнамаға белгілі бір түзетулер енгізілді. Маусым айында Президенттің жарлығы шықты. Сәйкесінше қазіргі таңда интернетті іске қосуға ешқандай кедергі жоқ. Біз бұл мәселені "Эйр Астанамен" бірге пысықтап жатырмыз. Қазан айында интернет қосылған алғашқы борттар пайда болады деп күтіледі. Бұл жерде екі бағыт бар: Viasat және OneWeb компаниялары", – деді комитет төрағасы.

Айта кету керек, бұған дейін елімізде төртінші ұялы байланыс операторы пайда бола ма деген мәселеге тоқталған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу