Құзға өрмелеуден қазақстандықтардың Әлем кубогындағы нәтижесі

183

Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Құзға өрмелеуден қазақстандықтардың Әлем кубогындағы нәтижесі Фото: ҰОК

Бұл жолы спортшылар "жылдамдық" бағдарламасы бойынша сынға түсті. Қазақстан атынан ерлер арасындағы жекелей сында Әлихан Татамбай өнер көрсетіп, 45-орынға ие болды.

Әйелдер арасындағы жарыста Анна Баларшина 37-орынға, ал Арина Новицкая 41-орынға тұрақтады.

Командалық бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада 11-орын алды.

Ал аралас эстафетада ұлттық құрама 14-сатыдан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу