Қырғыз файтері Еркебұлан Тоқтармен реванш үшін 100 мың доллар сұрады

139

Еркебұлан Тоқтар осы жылдың 28 наурызында Марсель Нұрланбектен жеңілген болатын.

Қырғыз файтері Еркебұлан Тоқтармен реванш үшін 100 мың доллар сұрады Фото: Nomad Fighting

Қырғызстандық ММА файтері Марсель Нұрланбек қазақстандық Еркебұлан Тоқтармен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол октагонға шығу үшін алатын гонорарының мөлшерін атады, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Спортшы жекпе-жек үшін шамамен 100 мың доллар гонорар күтетінін айтты. Оған келесі қарсыласы кім болғанын қалайтыны туралы сұрақ қойылғанда, Еркебұлан Тоқтармен немесе Ануарбек "Мотиватормен" реванш өткізуге дайын екенін жеткізді.

Марсельдің айтуынша, Еркебұланмен ММА ережесі бойынша жұдырықтасу қызықсыз болмақ. Сондықтан ол қазақстандық файтермен жалаң жұдырықпен айқасуды жөн көреді.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек арасындағы алғашқы жекпе-жек 28 наурызда Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінің басты оқиғасы болған.

Жеңіл салмақтағы кездесу ММА қолғаптарымен бокстасу ережесі бойынша өтіп, 3 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Марсельге бұйырды. Осылайша, ол қазақстандық спортшының жеңісті сериясын үзді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу