Қыркүйекте бағамды кім дөп басты

Сара Бухина Сара Бухина
2530

Abctv.kz қыркүйек айындағы теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамының нақты валюталық болжамынан шолу ұсынады.  

Қыркүйекте бағамды кім дөп басты

Қыркүйек айында валюта нарығында бірқатар ауытқулар болды. Оған дәл бір ай бойы нақты мәннен қалып қойған теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұптары бағамына жасалған консенсус-болжам дәлел. 

Осы уақытта болған табиғат апаты жағдайды одан әрі ушықтырып, мұнай нарығына белгілі бір құбылмалық әкелді. Мұның барлығы айналып келгенде  бағаны (Brent маркалы  мұнай бағасының бір баррелі 59 долларға дейін) қымбаттатып жіберген қара алтын өндірушілерінің пайдасына шешілді. Осымен қатар доллар әлсіреп, рубль нығайды.

Алайда бұл беталыс сарапшылардың күткенінен өзгеше болып, теңгеге еш әсер етпеді. Сауалнамаға қатысқан сарапшылар тек қыркүйек айының аяғында ғана теңгенің жаңа бағасына үйрене бастады.

Теңгенің мұндай динамикасына сыртқы сауда статистикасы себеп болды. Бұл әлсіз теңгеге қатысты Ресей импортының өсуінен көрінеді. Ресей импортының қазақстандық импорттағы үлесі 2017 жылдың қорытындысы бойынша былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі 36,8%-бен салыстырғанда 41,5%-ға өскен. 

Теңге девальвациясын жақтаушылардың  осы бағаммен ресейлік импортқа соққы бермек ойлары да болған шығар. Өйткені екінші жыл қатарынан нақты табыстың түсуі жағдайында қазақстандықтардың тұтынушылық  ерекшелігін өзгертті. Тамыз айының соңынан бастап теңгенің рубльге қатысты бағамы 6%-ға дейін төмендеп, бір рубль 5,9 теңгеге дейін жеткен. Ресейден келетін негізгі импорттық тауарлардың бірі мұнай өнімі болғандықтан, Қазақстан ішіндегі ЖЖМ бағасынан бірден көрінді.  Бұл Ұлттық банктің 2016 жылдың басынан бері тежеуге тырысып келе жатқан қолдан жасалған "инфляция импортының" айқын көрінісі.

Дегенмен abctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың консенсус-болжамы нақты дерек нәтижесіне және нарық трендіне жақын болжамды көрсетті. Әдеттегідей, үздік болжам жасаған сарапшыны анықтау үшін біз Ұлттық банктің теңгенің доллар мен рубльге қатысты орташа апталық ресми бағамына сүйенеміз. Көптеген сарапшы валюталық көрсеткішті беретіндіктен, біз орташа арифметикалық мәнді анықтап, оны консенсус-болжаммен және аптаның нақты бағамымен салыстырдық.

Мұндай тәсіл әрдайым үнемі шынайы дәлдікті көрсете бермейді, сондықтан abctv.kz сарапшылармен қатар оқырмандардың ұсыныстарына құлақ асады. Аbctv.kz осы болжамдарды жариялау арқылы тек ақпар беруді басшылыққа алады.

Субъективті пайымдауларды кейінге шегеріп қойып, сіздердің назарларыңызға  теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұбына арналған екі диаграманы ұсынып отырмыз. Толық танысып шығу үшін  abctv.kz-тің нақты бағаммен салыстырмалы түрде берген барлық болжамдар кестесін көруге болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Сара Бухина

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться