Қысқы Олимпиада ойындары: 8 ақпанға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

105

Бүгін 7 спортшымыз сынға түседі. 

Қысқы Олимпиада ойындары: 8 ақпанға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 8 ақпанда Қазақстан құрамасының спортшылары шаңғы мен биатлон бойынша жарыс жолына шығады.

Күндізгі бағдарламада шаңғы жарысынан ерлер арасында скиатлон сайысы өтеді. Ел намысын Наиль Башмаков, Виталий Пухкало және Әмірғали Мұратбеков қорғайды. Скиатлон жарысы сағат 16:30-да басталады.

Кешкі сессияда биатлоннан аралас эстафета жарысы жоспарланған. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақышева өнер көрсетеді. Аралас эстафетаның басталу уақыты - 18:00.

Спортшыларымыздың өнерін тікелей эфирде Qazsport, Qazaqstan, Khabar, Jibek joly арнасынан тамашалуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу