Бүгін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 5 спорт түрінен сынға түседі

166

7 ақпанда 3000 метрге конькимен жүгіруде үздік ондыққа енген қазақстандық спортшылар бүгін 1000 метр қашықтықта бақ сынайды.

Бүгін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 5 спорт түрінен сынға түседі Фото: olympic.kz

Бүгін, 21:30-да Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Кристина Силаева 1000 метрге конькимен жүгіруден жарысқа шығады. Ал 23:00-де ерлер арасында трамплиннен шаңғымен секіруде Илья Мизерных пен Данил Васильев сынға түседі.

Жарыстарды тікелей эфирде Qazaqstan, Qazsport, Хабар және Jibek Joly телеарналары көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Олимпиадада жүлде ала алған жоқ. Ал медальдар кестесінде көш бастап тұрған – 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленген Норвегия. 2-орында қысқы ойындарға 233 спортшымен келген АҚШ құрамасы (2 алтын), ал үздік үштікті Италия құрамасы түйіндеп тұр. Жарыс қожайындары 1 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу