Қысқы Олимпиада ойындары: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады

141

Спортшыларымыздың өнерін отандық телеарналардан тікелей эфирде тамашалауға болады. 

Қысқы Олимпиада ойындары: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

7 ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы медальдар сарапқа салынады.

Бұл күні жарыс бағдарламасында шаңғы жарыстары, конькимен жүгіру, тау шаңғысы спорты және трамплиннен секіру бойынша финалдық сайыстар өтеді.

Бүгін қазақстандық спортшылар да сынға түседі. Сағат 17:00-де әйелдер арасындағы шаңғыдан скиатлонда Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко өнер көрсетеді. Жарыс Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сағат 20:00-де әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықтағы сайыстар өтеді. Қазақстан атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева бақ сынайды. Тікелей көрсетілімді Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу