Бүгін, 10 ақпанда Италияда 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясындағы кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасы бес спорт түрі бойынша өнер көрсетеді. Алғаш болып жарыс жолына шаңғышылар шығады. Әйелдер арасында шаңғы жарысының спринттік іріктеу кезеңінде Қазақстан уақытымен 13:15-те Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник және Ксения Шалыгина бақ сынайды. Спортшыларымыз іріктеуден сүрінбей өтсе, 17:10-да басталатын финалға қатысады.
Ерлер арасында шаңғы жарысынан спринтте Наиль Башмаков, Виталий Пухкало және Әмірғали Мұратбеков жарысқа қатысады.
Шорт-тректен Яна Хан мен Ольга Тихонова, сондай-ақ Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев ел намысын қорғайды.
Фристайл-могул сайысында Қазақстан атынан Павел Колмаков, Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова өнер көрсетеді.
Биатлоннан 20 шақырымдық жеке жарыста Қазақстан құрамасының сапында Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов қатысады.
Сондай-ақ жарыс күні мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров қатысатын қысқа бағдарламамен аяқталады.
Қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс кестесі:
13:15 - Шаңғы жарысы, спринт (әйелдер)
Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник, Ксения Шалыгина
Финал - 17:10
13:55 - Шаңғы жарысы, спринт (ерлер), еркін стиль
Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Әмірғали Мұратбеков
Финал - 17:25
14:30 - Шорт-трек, 500 м (әйелдер)
Яна Хан, Ольга Тихонова
15:08 - Шорт-трек, 1000 м (ерлер)
Денис Никиша
15:15 - Фристайл-могул, (ерлер)
Павел Колмаков
15:53 Шорт-трек, аралас эстафета
Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова
16:48 А,В финал шорт-трек, аралас эстафета
17:30 - Биатлон, 20 шақырым жеке жарыс (ерлер)
Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов
18:15 - Фристайл-могул, іріктеу кезеңі (әйелдер)
Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова
22:30 - Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама
Михаил Шайдоров
Айта кетейік, медальдар кестесінде Норвегия құрамасы көш бастап тұр - 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль. Швейцария құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен екінші орында келеді. Жапония құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен үздік үштікте.