Қысқы Олимпиада ойындарына 36 қазақстандық спортшы қатысады

146

Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылардың нақты тізімі мен лицензиялар саны 23 қаңтарда белгілі болады. 

Қысқы Олимпиада ойындарына 36 қазақстандық спортшы қатысады Фото: kazsports.kz

2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы ел намысын қорғайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі таңда ұлттық команда келесі спорт түрлерінен Олимпиада лицензиясын иеленіп отыр.

Фристайл-могул:
Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.

Фристайл-акробатика:
Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.

Биатлон:
2 ер және 2 әйел спортшы. Құрама нақты тізім Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімінен кейін белгілі болады.

Тау шаңғысы:
Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.

Шаңғы қоссайысы:
Шыңғыс Ракпаров.

Шаңғы жарысы:
Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.

Шаңғымен тұғырдан секіру:
Данил Васильев, Илья Мизерных.

Конькимен жүгіру:
Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-трек:
Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанау:
Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Бұл көрсеткіш 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық жарыстардың нәтижесі бойынша қалыптасқан. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан қосымша жолдамалар бөлінуі мүмкін.

Олимпиада лицензияларына қатысты түпкілікті ақпарат қаңтар айының соңында белгілі болады. XXV қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Айта кетейік, күні кеше биатлоншыларымызға 4 жолдамаға қоса тағы 13 жолдама берілді (барлығы 17). Ал, шаңғы спортынан құрамамыз 21 лицензия алды. Осылайша спортшыларымыз жалпы саны 61 жолдамаға қол жеткізіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу