Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында отандасымыз пара биатлоннан алтын, ал пара шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алды. Осылайша қысқы Паралимпиада ойындары-2026 бағдарламасының екі санаты бойынша тұғырға бірден көтеріле алған қазақстандық спортшылардың алғашқысы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әуежайда сөйлеген сөзінде паралимпиадашының марапаттары тек спортшының ғана емес, оның жаттықтырушыларының да еңбегі екенін атап өтті.

Спортшының жеңісіне тәнті болған GBG құрылыс компаниясы Ербол Хамитовқа Астана қаласынан 2 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Бұл бастамаға мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мұрындық болып, кәсіпкер Матулла Утешов қолдау көрсеткен.

Ербол Хамитовтің Паралимпиада алтыны және қола медалін алғаннан кейін мемлекет тарапынан 250 мың доллар (шамамен 123,7 миллион теңге) көлемінде сыйақы белгіленген.