Қытай АҚШ-қа соғыс ашуы мүмкін бе?

3108

Қытай Тайвань мәселесіне келгенде ештеңеден тайсалмайтынын көрсетті.

Қытай АҚШ-қа соғыс ашуы мүмкін бе?

Аспанасты елі осы аралға қару-жарақ сатқан АҚШ-тың әрекетін жақтырмады.

Ресми Бейжіңнің ойынша, Құрама Штаттар бұл әрекетімен әлемдік саясасаттағы тұрақтылықты бұзған. Си Цзиньпин әкімшілігі "егер кімде-кім Тайваньның тәуелсіздікке жетуіне жәрдемдессе, біз күш қолданамыз" деп сес көрсетіп отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

 "Қытай елдің егемендігі мен шекараны қорғау үшін батыл әрекет көрсетуден тайынбайды. Қытай бірігуі тиіс. Біз "күш көрсетпейміз" деп айта алмаймыз, керек болса тиісті шара қолдануымызға құқылымыз",– делінген ҚХР жариялаған ресми құжатта.

Сондай-ақ Қытай Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы: "Бейжің Тайваньнің Қытайдан бөлінуіне жол бермейді және арал егемендікке ұмтылса, тығырыққа тіреледі",– деді.

Естеріңізге сала кетейік, осы айда Ақ үй Тайваньға қару-жарақ сату туралы құжатты мақұлдаған болатын. Ресми дерекке сүйенсек, саудаланған танктер мен "Stinger" зымырандарының жалпы құны 2,2 миллиард доллар.

Бұған жауап ретінде Қытай сауда келісіміне қатысы бар америкалық компанияларға санкция салатынын мәлімдеген еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу