Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысына Қытай 2,3 млрд доллар несие бөледі

Бұл туралы келісімге кеше қол қойылды. 

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысына Қытай 2,3 млрд доллар несие бөледі Фото: canva.com

Келісім "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол компаниясы" ЖШС (бірлескен жобалық компания) мен құрамына Қытай даму банкі мен Эксимбанк кіретін Қытай Халық Республикасының Банктер синдикаты арасында жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұндай ақпаратты Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті баспасөз қызметі таратты. 

Жобаның жалпы құны – 4,7 млрд АҚШ доллары, оның 2,3 млрд сомасын Қытай үш ел құрған бірлескен жобалық компанияға 35 жылдық несие ретінде бермек. 

Қалған 2,3 млрд АҚШ доллар үш ел бірлескен жобалық компанияның жарғылық капиталына енгізіледі. Яғни, Қытай (51%), Қырғызстан (24,5%) және Өзбекстан (24,5%).

Теміржол құрылысы жобасы аясында жалпы ұзындығы 120 шақырым болатын 50 көпір мен 29 туннель салу қарастырылып отыр. Қырғызстан аумағындағы теміржолдың жалпы ұзындығы 304 шақырымға жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу