Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан желісінің құрылысын қаржыландыру тәртібі анықталды

269

Бұл туралы Қырғыз Республикасының көлік министрлігі хабарлады.  

Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан желісінің құрылысын қаржыландыру тәртібі анықталды Фото: Қырғыз Республикасының Көлік министрлігі

"Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржол компаниясы" бірлескен кәсіпорны мен Қытайдың банктер синдикаты (оның ішінде Қытай даму банкі мен Эксимбанк бар) 2025 жылғы 16 желтоқсанда құны 4,7 млрд АҚШ долларын құрайтын теміржол құрылысы жобасын қаржыландыру тәртібін анықтайтын несиелік келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синдикат бірлескен кәсіпорынға (БК) 35 жыл мерзімге шамамен 2,3 млрд доллар көлемінде несие береді.

Қалған соманы қатысушылар БК-ның жарғылық капиталына келесідей салады:

  1. Қытай – 51%;
  2. Қырғызстан – 24,5%;
  3. Өзбекстан – 24,5%.

Жобаны іске асыру техникалық жағынан күрделі міндет болып саналады. Өйткені ұзындығы 486 км болатын желі трассасының шамамен 40%-ы туннельдер мен көпір құрылыстарынан тұрады.

Бірлескен кәсіпорын 2024 жылғы қыркүйекте құрылған, ал бір жолды желі құрылысына ресми старт 2025 жылғы қаңтарда берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу