Қытай Марстан әкелінетін топырақты тексеретін зертхана салады

483

Ғарыш аппараты 2028 жылы ұшырылады. 

Қытай Марстан әкелінетін топырақты тексеретін зертхана салады Фото: Xinhua

Қытай Марстан топырақ үлгілерін әкелу миссиясын жалғастырып жатыр. Осы жоба аясында елдің шығысындағы Аньхой провинциясының Хэфэй қаласындағы Терең ғарыш ғылымы қалашығының алғашқы кезеңінде планеталық қорғау зертханасы салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Зертхана екі бағыттағы қорғаныс жүйесімен жұмыс істейді. Ол Марстан жеткізілетін үлгілерді қорғаса, екінші жағынан Жердің биосферасын ықтимал қауіптен сақтауға арналған. Зертханада үлгілерді зарарсыздандыру, ашу, өңдеу және олардың биологиялық қауіп-қатерін бағалау жұмыстары жүргізіледі. 

Сәуір айында Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы Tianwen-3 миссиясы бойынша жоспарын жария етті. Ғарыш аппаратын 2028 жылы ұшыру жоспарланып отыр. Ал Марстан үлгілерді жинап, оларды Жерге жеткізу шамамен 2031 жылға қарай аяқталады деп күтілуде.

DSEL ұйымының даму стратегиясы департаментінің директоры Ли Ханның айтуынша, зертхана Жерден тыс ғарыш денелерінен алынған үлгілерге қатысты ғылыми зерттеулерге қызмет етеді. Сондай-ақ ол Қытайдың Ғарыштық зерттеулер комитетінің планеталық қорғау талаптарын сақтайтынын растады. 

Жаңа зертхана Қытайдың планетааралық зерттеу бағдарламасының бір бөлігі саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу