Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылды

348

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында әлемдегі ең биік көпір ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылды Фото: Синьхуа

Үш жыл бойы салынған нысан Хуацзян шатқалынан өтетін жолды екі сағаттан екі минутқа дейін қысқартады.

Бэйпаньцзян өзенінің үстінен 625 метр биіктікте орналасқан көпірдің негізгі аралығы 1 420 метрді құрайды. Ұзындығы 2 890 метрлік нысан әлемдегі таулы жерде салынған ең үлкен аралықты аспалы көпір ретінде танылды.

Құрылыста желге төзімділік пен аса биіктікте жұмыс істеу саласында 21 патентке ие болған жаңа технологиялар қолданылды. Спутниктік навигация, дрондар және интеллектуалды мониторинг жүйелері арқылы құрылысшылар миллиметрлік дәлдікке қол жеткізді.

Соңғы жылдары Гуйчжоуда 30 мыңнан астам көпір салынды, олардың үшеуі – әлемдегі ең биіктердің қатарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу