Қытайда әлемдегі ең ірі мұз паркі ел күтпеген себеппен жабылып қалды

Бұған Харбиндегі күн райының күрт жылынуы себеп болған. 

Қытайда әлемдегі ең ірі мұз паркі ел күтпеген себеппен жабылып қалды Фото: ru.trip.com

Осылайша, Қытайдың Солтүстік-Шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында орналасқан әлемдегі ең ірі "Үлкен мұз бен қар әлемі" паркі ауа температурасының көтерілуіне байланысты жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жылудың әсері мұз бен қардан жасалған көріністердің еруіне әкеліп соққан. 

Ұйымдастырушылар 27-ші фестиваль қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілерге жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында мерзімінен ерте жабылғанын хабардар етті.

Билет сатып алған келушілер төлемді толық қайтара алады. Ол үшін билет сатып алынған арна арқылы өтініш беру керек. Ал 2026 жылдың 20-28 ақпаны аралығында билеті бар адамдар келесі жолы парк ашылғанда жеке куәлігін көрсетіп тегін кіру мүмкіндігіне ие. 

Сырттағы мұз бен қар фестиваль аймағы қыс мезгілімен қоштасса, жексенбіде Харбинде "Үлкен мұз бен қар әлемі" арена алаңында орналасқан әлемдегі ең ірі жабық мұз бен қар паркінің ашылу салтанаты өтті.

Еске салайық, Харбиндегі "Үлкен мұз бен қар әлемі" паркі – Қытайдағы қыс мезгіліндегі басты туристік көрікті орындардың бірі. 

Қытай Мемлекеттік кеңесінің нұсқауларына сай, ел мұз бен қар саласын жаңа экономикалық өсу көзі ретінде дамытуды жоспарлаған. 2027 жылға дейін осы сектордың көлемі 1,2 трлн юаньға (шамамен 174 млрд АҚШ доллары), ал 2030 жылға дейін 1,5 трлн юаньға жетеді деп болжанып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу