Бұл компанияның General Action Expert (GAE) деп аталатын ірі модельмен жабдықталған. Жүйе адамның қозғалысын уақыт пен кеңістікке шектеусіз, нақты уақыт режимінде дәл қайталауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, базалық модельдің арқасында бір адамның басқаруымен ондаған робот бір мезгілде бірдей әрекеттерді орындай алады. Ханчжоу қаласында өткен таныстырылымда оператор арнайы қозғалыс түсіру костюмін киіп, қолын сермеп, денесін бұрып, допты соқты. Ал Titan o1 оператордың әр қозғалысын миллисекунд ішінде дәл қайталап отырды.
Қол мен дененің бұрылу бұрышынан бастап, қадам ұзындығы мен аяқ көтерілісінің биіктігіне дейін роботтың қозғалыстары оператордың қимыл ырғағымен сәйкес келген.
"Бұл қозғалыстар оператордың тосын әрекеттеріне нақты уақыт режимінде берілген реакциялар болды", – деді Westlake Robotics компаниясының негізін қалаушы Ван Дунлинь.
Оның айтуынша, оператор мен оның қимылы қаншалықты өзгерсе де, Titan o1 тез бейімделеді. Адам организмінде мишық қозғалыс үйлесімділігіне, тепе-теңдікке және қимылдарды дәл әрі бірқалыпты орындауға жауап береді. Ал GAE – осындай функцияны робот үшін атқаратын әмбебап жүйе. Ол сигналға сәйкес қимылды бірден орындауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, GAE әртүрлі құрылымдағы және өлшемдегі роботтарға бейімделе алады, яғни бір модель әр типтегі роботтарға қолданылуы мүмкін, деп хабарлады Westlake Robotics.