Қытайдағы Азия чемпионатында 5 қазақстандық спортшы бақ сынайды

110

Алғашқы жарыс күнінде үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді.  

Қытайдағы Азия чемпионатында 5 қазақстандық спортшы бақ сынайды Фото: olympic.kz

Бүгін, 18 мамырда Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы өнер көрсетеді. Атап айтқанда, биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева, ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова, үш қарғып секіруден Мария Ефремова және сырықпен секіруден Полина Иванова ел намысын қорғайды.

Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая және Анастасия Рыпакова сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу