Қызылорда облысының бюджеті 297,0 млрд теңгені құрады

16172

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 35 сессиясында өңірдің шұғыл қажеттіліктеріне жұмсалатын 14,2 млрд теңге сомасы нақтыланды.

Қызылорда облысының бюджеті 297,0 млрд теңгені құрады

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасында 14,2 млрд теңге сомасын нақтылауды ұсынды.

"Бұл қаражатты облыстың кезек күттірмейтін басымды бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде. Біріншіден, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қосымша 5,1 млрд.теңге бөлінді. Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға қосымша 967,9 млн теңге, еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1,1 млрд теңге бағытталды.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге 950,0 млн теңге қаралуда", – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, облыс бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтап келеді. Денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет саласын дамытуға 878,0 млн теңге бағытталды. Бұдан басқа, облыс бюджетінің қалған бөлігі Сырдария өзенінің сол жағалауын игеруге және 8 жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, облыс орталығын дамытуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 4 жобаны мемлекеттік міндеттемелерін орындауға және 2 жобаны сараптамадан өткізуге бағытталған. Сондай-ақ 2017-2020 жылдарға арналған жылу беру маусымында бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылға арналған облыс бюджеті 239,2 млрд теңге көлемінде бекітіліп, жыл ішінде 3 рет нақтыланып, нәтижесінде облыс бюджетінің көлемі 297,0 млрд теңгені құрады.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться