Қызылорданың күрішінен қамысына дейін экспортталып жатыр

225

Биыл күріштен орташа өнімділік 58,1 центнер болды.

Қызылорданың күрішінен қамысына дейін экспортталып жатыр Фото: Ақорда

Қызылорда облысында жыл басынан бері құны 32 млн доллар 68,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 17 мемлекетіне экспортталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сүйенсек, барлық өнімнің 88,3%-ы – күріш. Сыр салысы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне жөнелтіліп отыр. Осыған дейін өңірде өндірілген 60 435,9 тонна күрішті осы шет елдер сатып алған. 

Айта кетейік, биыл күріштен орташа өнімділік 58,1 центнер болды. Диқандар 470 мың тоннаға жуық өнім жинады. 

– Одан бөлек облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланд, Қытай мемлекеттеріне құны 6 783,8 мың доллар 1 734,4 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланд мемлекеттеріне құны 1 111,9 мың доллар 3 679,5 тонна қамыс, Ресейге 160 тонна (13,6 мың доллар) күріш қалдығы, 200 тонна (46,3 мың доллар) қызанақ, 2 200 тонна (282,1 мың доллар) қауын, қарбыз жіберілді, – делінген хабарламада. 

Ал елімізде астық экспорты Өзбекстанға – 32,8%-ға, Қырғызстанға – 2 есе, Ауғанстанға – 28,8%-ға артқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу