Сол себепті, "Барселонаның" жас "бөрісі" жанкүйерлерге тегін қолтаңба беруден бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Mundo Deportivo басылымының жазуынша, футболшы қолтаңбасын сатуды жоспарлаған.
Мұның негізгі себебі, Ламин Ямаль спорт жұлдыздарының қолтаңбасы бар киімдер мен тауарларды сатумен айналысатын арнайы сайттан ұсыныс алған көрінеді. Аталған ұсынысты футболшы қабылдап та үлгерген. Соған байланысты спортшының жарнамалық келісімшарттарын басқаратын тарап ойыншының тегін қолтаңба беруіне тыйым салған.
Сол себепті, бұдан былай Ламин Ямаль жанкүйерлерге ақылы түрде ғана қолтаңба бере алады.
Еске салайық, биылғы маусымда ол "Барселона" сапында 5 матчқа қатысты, 2 гол салып, 3 нәтижелі пас авторы атанды. Футболшы каталондық клубта 2031 жылдың жазына дейін доп тебеді, өйткені келісімшарт солай жасалған. Ал Transfermarkt порталы Ямалдың трансферлік құнын 200 миллион еуроға бағалаған.