Лангкави туры. "Астана" шабандозы жүлдегер атанды

1414

Малайзияда өтіп жатқан көпкүндікте "Астана" шабандоздары тамаша нәтиже көрсетуде.

Лангкави туры. "Астана" шабандозы жүлдегер атанды

"Лангкави турының" алтыншы кезеңінде нөсерлетіп жаңбыр төгіп, жарыс күні пелотонның кезекті жаппай спринтімен аяқталды. Онда Astana Qazaqstan Team командасының шабандозы Глеб Сирица өзінің әлеуетін тағы бір рет паш етіп, екінші орын иеленді. Бұл бірінші айналымда жеңіске жетіп, екінші айналымда екінші орын алған Сирицаның Малайзияда өтіп жатқан жарыстағы үшінші маңызды нәтижесі.

"Шынымды айтсам, мен жаңбырды жақсы көремін және бүгін "маған ұнайтын ауа-райы" болды деп айта аламын. Өзімді жайлы сезіндім. Бірақ, әрине, бұл өте қауіпті болды. Командаластарым тағы да мен үшін керемет жұмыс жасады және финалда жақсы спринттік позицияға ие болдым. Соңғы айналымда шабандоздар арасында қалып қойдым. Бірақ спринтті кеш бастап, кішкене қателік те жіберген шығармын. Қалай болғанда да, әрбір жарыс, әрбір спринт – мен үшін сабақ және мықты болуға көмектесетін жаңа тәжірибе алудың мүмкіндігі", – деді Глеб Сирица.

Алтыншы кезеңнен кейін "Лангкави турының" жалпы есебінде өзгерістер орын алған жоқ. Колумбиялық Иван Рамиро Соса жарыста көш бастап тұр. Ал Андрей Зейц 2:33 есебімен 9-орында. Глеб Сирица спринттік турнир кестесінде бүгінгі кезең жеңімпазы Эрленд Бликрден 1 ұпай ғана артта қалып, екінші орынға жайғасты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу