Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

878

Бір қызығы, биыл бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына ерлер де қатысқан. Бұл туралы IBA президенті Умар Кремлев мәлімдеді.

Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Ләззат Күнгейбаева Нью-Делиде (Үндістан) бокстан өткен әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді. 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалда Күнгейбаева марокколық Хадиджи Мардимен (Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы) кездесті. Үш раундтан кейін төрешілердің шешіммен жеңісті Мардиге берді. Осылайша Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатында алтынсыз қалып, Күнгейбаева күміс жүлдегер атанды.

Бір күн бұрын тағы бір қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл нәтиже оның мансабындағы ең үздік нәтиже болды. Ол бұған дейін 2018 және 2022 жылдары екі рет әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) бірнеше спортшыны Нью-Делиде (Үндістан) өткен әлем чемпионатынан шеттетті. Бұл туралы IBA президенті Умар Кремлев мәлімдеді.

"Бірқатар ДНҚ сараптамасы әріптестерін алдамақ болған және өзін әйелмін деп көрсеткен спортшыларды анықтады. Генетикалық сараптама нәтижесі бойынша оларда XY хромосомалары бар екені дәлелденді. Кейіннен олар жарыстан шеттетілді. IBA әділ спортты қолдайды", - деп жазды Кремлев.

Сонымен қатар алжирлік Иман Хелиф тестостерон деңгейі жоғары болғандықтан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалынан шеттетілді. Спортшының өзі "әділетсіздіктің құрбаны" болдым деп есептейді. Финалда алжирлік боксшы Иман қытайлық Ян Люмен жұдырықтасуы керек еді. Бірақ шаршы алаңға оның орнына таиландтық Джанжай Суваннафенг шықты. Айта кетейік, Хелиф қазіргі Африка чемпионы және былтыр Стамбулда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу