"Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Роберт Левандовски жақын арада өзінің жаңа клубы туралы шешім қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атақты инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, поляк форварды америкалық "Чикаго Файр" клубының ұсынысын қарастырып жатыр. Ұсыныста екі немесе үш жылдық келісімшарт қарастырылған.
37 жастағы футболшы 2026 жылдың мамырында "Барселонадан" кеткеннен кейін еркін агент атанады. Каталон клубы сапында ол төрт маусым ойнап, 183 матчта 119 гол соғып, командаға Ла Лиганың үш титулын жеңіп алуға көмектесті.
Сонымен қатар, Левандовскиге АҚШ-тың "Интер Майами" клубы, Сауд Арабиясының командалары және Италияның А сериясы өкілдері де қызығушылық танытып отыр.