"Линдердің суициді", "Геберттің құрамадан шеттетілуі" – Бас прокурорға сауал

1610

"Ақ жол" партиясының депутаттары Бас прокурордан "спорттағы сыбайлас жемқорлық жанжалдары" бойынша шаралар қабылдауды, спортшыларды "қорлаудан қорғауды" сұрайды.

"Линдердің суициді", "Геберттің құрамадан шеттетілуі" – Бас прокурорға сауал

Депутат Андрей Линник сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, спортшылардан оларды дайындауға және өнер көрсетуге бөлінген ақшаны бопсалау бар екенін айтты.

"2021 жылдың қазанында фристайлдан ұлттық құрамада жанжал шықты. Спортшы Александр Геберт басқа спортшылармен бірге бас бапкердің жеке шотына ақша аударудан бас тартуына байланысты құрамадан шығарылды. Бас жаттықтырушы қақтығыс туралы өз көзқарасын айтып, жаттықтырушылар көбінесе өз есебінен спортшылардың тамақтануына, кейде тұруына ақы төлеуге мәжбүр екенін түсіндірді, өйткені барлық спортшыға жол жүру ақысы берілмейді. Осыған байланысты ол спортшылардан шығындарын өтеуді сұрады. Жаттықтырушының пікірінше, бұл жағдай біздің спортта кең таралған құбылыс", – деп толықтырды Андрей Линник. 

Оның айтуынша, әйел жаттықтырушы спортшыға бейәдеп сөйлеп, қорлаған. Бұл диалогтардың аудио жазбасы әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда наразылық тудырды. 

"Мұндай алымдарға бюджеттен бөлінген қаражат қайда кетті? Мәдениет және спорт министрлігінің жаттықтырушының орынсыз мінез-құлқына реакциясы қайда? Ең қауіптісі – түсініктемелерге сүйенсек, бұл жағдай қазақстандық спорт үшін қалыптасқан ереже секілді. Мәселен, былтыр қарашада Степногор қаласындағы олимпиада резервінің мектеп-интернатында жанжал туындады. Онда тәрбиеленушілерді жиі ұрып-соққан. Бұл осы мектептегі бірінші жағдай емес. 2014 жылы оқушы терезеден құлап, бас сүйегінің ашық сынуы, жақтың сынуы, мидың контузиясы, өкпенің зақымдануымен және екі қабырғаның да сынуы болды. Туыстарының айтуынша, баланы алдымен ұрып-соғып, содан кейін терезеден лақтырған. Осыған қарамастан, интернат директорлары мерейтойлық медальға ие болады", – деді мәжілісмен. 

Депутаттың сөзінше, тағы бір жанжал 2021 жылдың қыркүйегінде ауыр атлет Альберт Линдердің өз-өзіне қол жұмсауына байланысты басталды. Сол кезде Қазақстанның ауыр атлетикалық қауымдастығы ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел бұзушылықтар туралы бірқатар мәлімдеме жасады. Талқылау қорытындысы бойынша, министр құраманың бас және аға жаттықтырушыларын шеттетті. Алайда 2021 жылғы 1 желтоқсанда вице-премьер Тоғжанов ауыр атлетика федерациясының өтініші бойынша министрдің жоғарыда аталған бұйрығын жойды. Бұл шешім жаттықтырушылар қауымдастығында түсініспеушілік тудырды. 

"Спорттағы сыбайлас жемқорлық мәселесі шешілмейінше, болашақ жас балалардың тағдыры бұзылады, ал қазақстандық спорт өз чемпиондарын өсірудің орнына дайын шетелдік легионерлерді "импорттайды", – деп атап өтті Андрей Линник. 

Баяндалғанның негізінде, "Ақ жол" депутаттық фракциясы мынаны сұрайды: 

1) Степногордағы спорт мектеп-интернатында балаларды қорқытып алушылық және ұрып-соғу фактілері бойынша қандай шаралар қабылданғанын хабарлау; 
2) Барлық мектеп-интернаттарды "дедовщина" және қорқытып алушылық фактілеріне тексеруді, балаларды қорлық пен пайдадан қорғау; 
3) Фристайлшы Геберттің өтініші бойынша тексеру нәтижелері туралы хабардар ету, егер тексеру әлі өткізілмеген болса – тексеру тағайындау; 
4) Альберт Линдердің суицид жасауына байланысты жаттықтырушылардың рөлін және олардың заңды және моральдық құқығын түсінуге, ауыр атлетика бойынша ұлттық құраманың жұмысын одан әрі бақылау.

"Бір айдан кейін Бейжіңде әлемнің ең маңызды спорттық іс-шарасы – 24-ші Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Ұлттық құраманың Токиодағы сәтсіз ойынын, Қазақстанның қысқы спорт түрлерінде әлі ерекше жетістіктері болмағанын ескере отырып, алдағы олимпиада жақсы нәтижелер күтеміз", – деді депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу