Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады

181

Ол бұл шешімін әлеуметтік желідегі жазбасында жариялады.

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады Фото: dailysabah.com

Лионель Месси 39 жасында Аргентина ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Месси Аргентина сапында 21 жылға жуық ойнап, ұлттық құрамадағы дәуірін аяқтады. Мессидің ұлттық құрамадағы жолы 2005 жылы басталған еді. Осы уақыт ішінде Аргентина жейдесімен 207 ойын өткізіп, 125 гол соқты. Бұл – Аргентина тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Оның капитандығымен Аргентина 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, сонымен қатар 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын иеленді.

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында да Аргентинаны финалға бастап барды. Месси қоштасу жазбасында бұл шешімнің оңай болмағанын атап өтті. Ол ұлттық құрама үшін әрдайым барын салғанын айтып, енді командада жаңа буынға жол беретін уақыт келгенін жеткізді.

 "Мен барымды бердім, енді берерім қалмады. Артымнан келе жатқан, ұлттық құрамада ойнауға лайықты мықты жігіттер бар", – деп жазды ол.

Футболшы енді Аргентина құрамасын жанкүйер ретінде қолдайтынын айтып, жанкүйерлерге, отбасына, жаттықтырушылары мен командаластарына алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу