М.Гурман: Томасовқа агенттер тыныштық берер емес

2397

"Астана" командасының хорватиялық легионеріне шет елдік командалар қызығушылық танытуда. 

М.Гурман: Томасовқа агенттер тыныштық берер емес

"Таразбен" өткен ойыннан кейін Жаңа еңбек келісімі бойынша қорғаушы Антонио Рукавина 2021 жылға дейін "Астана" жейдесінде төр төгеді. 35 жастағы сербиялық футболшы 2018 жылдың бел ортасында "Астана" қатарына қосылған. Осы уақыт аралығында 45 матчта алаңға шығып, 3 гол салған. Ал шабуылшы Марин Томасов 2022 жылға дейін елордада қалмақ. Ол ел чемпиондарының сапына 2017 жылы келген-ді. Бас-аяғы 96 ойында 40 гол мен 41 нəтижелі пасы бар.

"Біз екі бірдей негізгі ойыншымен келісімшартты қайта жасастық. Олардың келісімдерінің мерзімі аяқталып бара жатты. Менің ойымша, олар Қазақстандағы ең мықты екі ойыншы. Марин Томасовтың өнеріне жанкүйерлер де, біз де ризамыз. Ойыншы енді 2022 жылдың соңына дейін біздің командада тер төгеді. Антонио Рукавина болса Сербия құрамасының қорғаушысы. Ол біздің командадағы ең пайдалы ойыншылардың бірі. Көп шабуыл дәл соның қапталы арқылы өтеді",–деді "Астана" футбол клубының президенті Михаил Гурман. 

Алып-қашпа әңгімелерге сенсек Мәскеудің "Спартак" командасының агенттері хорватиялық ойыншыны "Астанадан" сатып алғысы келетін көрінеді. Дегенмен, Марин елордалық ұжыммен келісімді одан әрі создыртып отыр. 

"Мен "Астана" командасымен келісім жасағаныма қуаныштымын. Маған мұнда барлығы ұнайды. Стадион, жанкүйерлер, атмосфера барлығы тамаша. Біз бір отбасы секілдіміз. Командаға пайда әкелуге тырысамын", –деді өз кезегінде Марин Томасов. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу