Қаржы министрі Мәди Такиев халықаралық қаржы ұйымдарынан алынатын қарыздарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өздеріңіз білесіздер, 2026 жылдың бюджетінде бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңгені құрайды. Тапшылық екі көзден жабылады. Біріншісі ішкі нарықтан болса, екіншісі сыртқы нарықтан. Біздің жоспарымыз бойынша биыл сыртқы нарықтан 1,6 трлн теңге немесе 3,5 млрд доллар қарастырылған. 3,5 млрд доллардың 1 млрд-ын көктемде Дүниежүзілік банк пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алғанбыз. 1,5 млрд доллар панда-бонд Қытайдан шығардық. Енді 500 млн доллар бүгінде Азия даму банкінен қарастырылды", – деді ведомство басшысы Құрылтайда өткен брифингте.
Министр бұл 15 жылға алынатын несие екенін, бізде үш жыл жеңілдік кезеңі барын айтты.
"Енді жылдың аяғына дейін 500 млн доллар қалды. Ол басқа жерден көзделеді. Жалпы бұл қаражатпен біздің бюджет тапшылығы жабылады", – деп толықтырды Мәди Такиев.