"Маған берілген уәде бұзылды": Роналду ұлттық құрамаға қайта оралды

"Әл-Наср" клубының шабуылшысы әрі капитаны, "Алтын доптың" 5 дүркін иегері осындай шешім қабылдады.   

"Маған берілген уәде бұзылды": Роналду ұлттық құрамаға қайта оралды Фото: matchtv.ru

Португалиялық футболшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ұлттық құрамадан кетіп қалғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 25 жылға жуық мансабымда ешқашан қандай да бір жаттықтырушының немесе ұлттық құраманың бапкерінің техникалық не тактикалық шешімдеріне араласқан емеспін, – деп жазды Роналду.

Футболшы ұлттық құрамадағы әріптестері мен жанкүйерлерінен кешірім де сұрады. 

– Португалия халқынан кешірім өтінемін. Десе де, маған берілген уәденің орындалмауы осындай шешім қабылдауыма әсер етті. Бапкердің уәдесіне көп адам куә, олар мұны растай алады. Соған қарамастан, мен бұлай жасамауым керек еді. Жауапкершілік тек менің мойнымда, – деді футболшы.

Роналду Португалия футбол федерациясы тарапынан қандай да бір жаза тағайындалса, оны қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. 

– Мен барлық жанкүйеріме, әсіресе барлық португалиялыққа уәде бере аламын. Бізде бір немесе бірнеше қоштасу матчы болады. Оған әлі уақыт бар. Сондықтан денсаулығым жақсы болып, клубымда ойнап, гол соғып жүрсем, маған тағайындалуы мүмкін дисквалификациядан кейін де ұлттық құрама сапында ойнауға дайынмын. Бұған дейінгі күндердегідей, ұлттық құрама үшін өнер көрсетіп, жеңіске жету үшін әрдайым командадан табыламын, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу