Нәтижесінде отандасымызға техникалық жеңіс берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға 17 қарашада Венгрияның Будапешт қаласында өткен Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде болды.
Екі шахматшы алғашқы 6 партияда өзара бақ сынасты. Магнус Карлсен 5 партияда жеңіске жетіп, біреуін тең аяқтады. Осылайша, есеп 11,5:0,5 болып, норвегиялық шахматшы алға шықты.
Алайда Магнус Карлсен соңғы партияға қатыспады. Ол бұл шешімін соңғы ойынның нәтижесі сол күнгі жеңісіне әсер етпейтінімен түсіндірді.
Бибісара Асаубаева қарсыласын шахмат тақтасында 15 минут күткен. Бірақ Магнус Карлсен ойынға келмегендіктен, қазақстандық шахматшыға техникалық жеңіс берілді.
Осылайша, алғашқы күнгі кездесу 11,5:8,5 есебімен Магнус Карлсеннің пайдасына аяқталды.
Екі шахматшының кездесуі 18 қарашада жалғасуы тиіс.