Ол Косово спортшысы Башким Бажокумен кездесуде 1-раундтың 30-шы секундында-ақ жойқын соққымен қарсыласын сұлатып түсірді. Бажоку өздігінен орнынан тұра алмай, дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
Осылайша, Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетіп, 1/4 финалға шықты. Оның келесі қарсыласы Нидерланды пен Жапония боксшылары арасындағы жекпе-жекте анықталады.
Еске сала кетейік, 1/16 финалда Махмұд Сабырхан Брайан Ортисті жеңген болатын.
Махмұд Сабырхан – 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия вице-чемпионы.
Биылғы әлем чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Жарыс 4 қыркүйекте басталып, 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан сапынан 20 боксшы қатысуда, олардың 17-сі әзірге өз жорығын жалғастырып келеді.