Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

159

Ел қоржынына Азия чемпионатында екінші қола жүлде түсті. 

Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: gov.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда. 

55 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жарыс қожайыны, моңғолиялық Билгуунсайхан Хархуумэнмен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы белсенді өнер көрсеткенімен, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіс алаң иесіне берілді.

Осылайша, Махмұд Сабырхан құрлықтық біріншіліктің қола жүлдесіне ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова қола жүлде иеленген болатын. Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге 2 қола жүлде бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу