Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

127

Жартылай финалға шыққан Махмұл Сабырхан кем дегенде қола медаль алады. 

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті Фото: toppress.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан кезекті жекпе-жегін өткізді.

55 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда өзбекстандық Шахзод Мұзафаровпен кездесті. Бір-бірін жақсы танитын қарсыластар бұл жолы да тартысты айқас өрнегін көрсетті.

Жекпе-жек алғашқы секундтардан-ақ жоғары қарқынмен басталып, екі боксшы да ашық стильде жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық былғары қолғап шебері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлде алады. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Төрехан Сабырхан да жартылай финалға жолдама алған еді. Сондай-ақ 4 боксшымыз жарыс жолын бірден 1/2-финалдан бастайды. Бұдан бөлек 1/4 финалда тағы 11 қазақстандық былғары қолғап шебері сынға түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу