Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабырхан жартылай финалда Филиппин өкілі Карло Пааламмен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен филиппиндік боксшының пайдасына шешім шығарды.
Осылайша Махмұд Сабырхан Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы үшінші қола медальді әкелді. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) мен Наталья Богданова (75 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу