Максим Балабин жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

186

Жерлесіміз сырықпен секіруде 5.05 метр нәтижесін көрсетті.

Максим Балабин жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алтын медальді Сейфелдин Абдельсалам (Қатар) жеңіп алды – 5.45 метр. Қытайлық Жуй Лю екінші орын алды – 5.20 метр.

Сондай-ақ әйелдер арасында 400 метрге жүгурде Мария Шувалова төртінші, Анна Шумило алтыншы орынға табан тіреді. Одан бөлек, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында Екатерина Колода бесінші, Анастасия Цвиркунова алтыншы болып мәреге жетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 шілдеде аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу