"Ахмат" клубы Ресей Премьер-лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы 20-турда Мәскеудің "Локомотив" командасымен тең түсті.
Мәскеуде өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. 24-минутта Георгий Мелкадзе айып соққысын дәл орындап, "Ахматты" алға шығарды. Ал 26-минутта Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов алаң иелерінің айып алаңында қайтқан допты тиімді пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Алайда "Локомотив" есепті теңестіре алды. 45+2-минутта Лукас Фассон есеп айырмасын қысқартты. Екінші таймда, 48-минутта Данил Пруцев таразы басын теңестірді – 2:2.
Қазір "Ахматтың" еншісінде 26 ұпай бар. Команда турнирлік кестеде 9-орында тұр. Ал "Локомотив" 41 ұпаймен Ресей чемпионатында 3-орында келеді.