"Мақтаарал" күтпеген жерден "Шахтерді" жеңді

1047

Қазақстан чемпионатының аутсайдерлерінің бірі "Мақтаарал" өз алаңында "Шахтерді" сенімді ұтты.

"Мақтаарал" күтпеген жерден "Шахтерді" жеңді Фото: kazfootball.kz

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері қарағандылықтардың қақпасына үш гол соқса, қонақтар бір гол соқты 3:1. Мақтаарал сапында Әділхан Добай, Биллал Себаихи және Тоқтар Жаңғылышбай көзге түсті. "Шахтердің" маусымдағы бесінші голын грузин жартылай қорғаушысы Тимур Чогадзе соқты. ҚПЛ-2023 аясында 19 матч өткізген "Мақтааралда" 18 ұпай, 21 ойыннан кейін "Шахтердің" еншісінде 23 ұпай бар.

Қазақстан чемпионатының 21-турында "Қайсар" өз алаңында "Жетісумен" тең ойнады. 36-минутта қызылордалықтар есеп ашып, Беларусь жартылай қорғаушысы Дмитрий Бородин пенальтиден гол соқты. Дегенмен, екінші таймда талдықорғандықтар Никола Цуцкичтің арқасында есепті теңестіре алды.

Айта кетейік, Бородин үшін бұл маусымдағы жетінші гол болды. Сонымен қатар ол үшінші матч қатарынан гол соғып үлгерді. Қазіргі таңда "Қайсар" 26, ал "Жетісу" 25 ұпай жинады.

Қазақстан чемпионатының аутсайдерлері "Оқжетпес" пен "Каспий" арасындағы матчта 6 гол соғылғанымен жеңімпаз анықталмады. "Астана Аренада" өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. "Оқжетпес" сапында Санат Жұмаханов пен Срджан Димитров ( дубль жасады) гол соқты. Ал "Каспий" командасынан Георгий Бугулов пен Данияр Үсенов мергендіктерімен ( дубль жасады) көзге түсті. Осылайша, ҚПЛ-дағы 21 матчтан кейін "Каспий" қоржынында 15 ұпай болса, "Оқжетпес" 18 ұпай жинады.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында тағы төрт ойын өтеді. Елрда уақытымен сағат 17:00-де "Қызылжар" - "Ақсу" кездесуі, 19:00-де "Атырау" - "Ақтөбе" және "Қайрат" - "Астана" матчтары басталып, 21:00-де "Тобыл" – "Ордабасы" арасындағы кездесу басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу