"Манчестер Юнайтед" футболшы үшін 45 миллион еуро төлейді

211

Ағылшын клубы бразилиялық жартылай қорғаушымен төрт жылдық келісімшарт жасайды.  

"Манчестер Юнайтед" футболшы үшін 45 миллион еуро төлейді Фото: vietnam.vn

"Аталанта" клубы мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Эдерсон мансабын "Манчестер Юнайтедте" жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар трансфер бойынша толық келісімге келген. Ағылшын клубы футболшы үшін 45 миллион еуро төлеп, онымен төрт жылдық келісімшарт жасаспақ.

26 жастағы Эдерсон 2022 жылдан бері Италияның "Аталанта" клубында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол клубпен бірге Еуропа лигасының жеңімпазы атанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу