"Манчестер Юнайтед" қарсылас қақпасынан сырт алаңда 3 рет саңылау тапты

Кеше UEFA Еуропа лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойындар өтті. 

"Манчестер Юнайтед" қарсылас қақпасынан сырт алаңда 3 рет саңылау тапты Фото: Известия

Онда "Атлетик Бильбао" (Испания) мен "Манчестер Юнайтед" (Англия) жасыл алаңда жолықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төреші ысқырығы шалынысымен, англиялық клуб белсенділік танытты. Ақыры өз дегеніне 30-минутта жетіп, Каземиро есеп ашты. Араға 7 минут салып, яғни 37-минутта Бруну Фернандеш он бір метрлік айып соққысынан есепті еселеді. Ал кездесудің 45-минутында ол дубль авторы атанып, таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. 

Осылайша, англиялық клуб қарсыласына сырт алаңда жауапсыз 3 доп соқты.

Сонымен қатар, тағы осы сатыдағы бір кездесуде "Тоттенхэм Хотспур" (Англия) мен "Бодо-Глимт" (Норвегия) қарсылас атанды. 

"Тоттенхэм Хотспур" сапынан ойынның небәрі 1-минутында Бреннан Джонсон гол соқса, 34-минутта Джеймс Меддисон есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші голды Доминик Соланке 61-минутта он бір метрлік айып добынан енгізсе, норвегиялық команда 83-минутта (Ульрик Салтнес) жалғыз голмен жауап қайтарды. 

Ойын англиялық команданың жеңісімен аяқталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу